Басты бет » Мәслихат хатшысының блогы

Мәслихат хатшысының блогы

Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары!

Сіздерді тәуелсіз ел тарихындағы ең басты мерекенің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның негізгі заңнамасының күні саналатын 30 тамыз – біздің байтақ даламыздың әрбір азаматы үшін мереке. Қазақстанның Ата заңы – еліміздің демократиялық дамуының берік іргетасы.

Конституцияны қабылдау адам мен азаматтың құқығын қамтамасыз етудегі маңызды қадам болғаны анық. Бұл Қазақстанның әлемдік аренадағы халықаралық беделінің артуына ықпал етті.

Осынау мәні терең, мерейлі мерекемен құттықтай отырып қала тұрғындарына зор денсаулық, отбасыларына амандық, ел болашағы мен халық игілігі жолындағы мақсатты істеріне сәттілік тілеймін.

 

Ізгі тілекпен,

Қонаев қаласы

мәслихатының хатшысы

С.Нұрсолтанова