Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

23 қыркүйекте Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Е.Қашағанов азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.
Депутаттың қабылдауына қаламыздың «Ана сәулесі» көп балалы аналар қоғамдық бірлестігінің мүшелері келіп, өздерін толғандырып жүрген баспана, жер, аулалардың абаттандырылуына қатысты өзекті мәселелерін көтерді. Кездесу барысында аналар «Мамочки» атты халыққа тазалық көрсету қызметін ашып, өз тірліктерін жасап жүргендерін ерекше атап өтті. Осыған орай аналар демеушілік көмек ретінде тазалық көрсету қызметіне қажетті шаңсорғышпен қамтамсыз етуін сұрады. Бұл өтініштерін депутат мақұлдап, бүгінде бұл тілектері орындалды.
Көтерілген мәселелер бойынша депутат тиісті мекемелерге депутаттық сұраныстар жіберетінін хабарлады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.