Басты бет » Жаңалықтар » ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Бүгін, 28 шілдеде депутат Е.Бүркітбайдың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының экономика, бюджет және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Отырыста Қонаев қаласының тұрғын үй жертөлелерінің санитарлық жағдайына жүргізілген тексеру нәтижелері қаралды.

Отырыс басында төрағалық етуші Е.Бүркітбай отырысқа қатысушыларды қаламыздың жеке пәтер иелері кооперативтері төрағаларының өтінішімен таныстырды. Өтініште қаладағы пәтер иеленушілерінің кооперативке берешек қарызын өндіріп алуға ықпал көрсету туралы, сондай-ақ тарифті көтеру мәселесі айтылған. Қарыз мәселесі бойынша нотариус А.Омарова пәтер иелері кооперативтерінің төрағаларына заңды түрде барлық құжаттарды ретке келтіріп, орындалу жазбаларын жасау қажет екендігін түсіндірді.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша қалалық мәслихаттың депутаты С.Горяной баяндама жасады.

Баяндамашының мәліметі бойынша Қонаев қалалық мәслихаты қаладағы жертөлелерідің санитарлық жағдайын тексеру үшін комиссия құрып, шілде айында қаладағы 10 пәтер иелері кооперативтерінен 37 тұрғын үйдің жертөлелеріне тексеру жұмыстары жүргізілген. Тексеру барысында кейбір тұрғын үйлердің жертөлелері құрылыс қалдықтарымен қоқырсыған. Сонымен қатар, су және кәріз құбырларының жөнделмеуінен жертөлелер суға толып қалған. Ал кейбір үйлердің жертөлелері коммерциялық мақсатта пайдалануда. Анықталған кемшіліктер ПИК төрағаларына жеткізіліп, олардың кейбіреулерінің жойылғаны туралы отырыс барысында ПИК төрағалары фотоесеп берді.

Отырыс қорытындысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары тұрғын үй жертөлелерін қалыпты жағдайда ұстау туралы тиісті ұсыныстарын берді.
Айтылған ұсыныстардың орындалуын депутаттар өз бақылауында ұстайды, сонымен қатар, бұл сұрақ жылыту маусымына дайындық туралы сұрағымен бірге бір айдан соң осы тұрақты комиссия отырысында қайта қаралады.Отырысқа мәслихат депуттаттары, қала әкімінің орынбасары М.Жолдахмет, қалалық прокуратураның аға прокуроры Е.Мустафин, нотариус А.Омарова, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Е.Қожамқұл, «Қонаев қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы М.Оринбасаров, қаламыздағы пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.