Басты бет » Жаңалықтар » Көп балалы отбасы баспаналы болды!

Көп балалы отбасы баспаналы болды!

️Қайырымдылық жасау қазақтың қанында ежелден бар қасиет. Бүгінде мемлекет тарапынан да, демеушілердің көмегімен де көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілуде.
️Осы жылдың 28 сәуірінде «Amanat» партиясының Алматы облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдауы барысында Алматы облыстық мәслихатының депутаты Бағдәулет Нағметбекұлы Устеновке 6 баласы бар «Күміс алқа» иегері, Шеңгелді ауылдық округі, Сарыбұлақ ауылының тұрғыны Гүлмира Серікқызы Мәжитаева үлкен отбасына үй сатып алуға көмек көрсету туралы өтінішпен жүгінген болатын.
️Бүгін, 29 шілдеде Алматы облысық мәслихатының депутаты Б. Устенов демеушілердің қолдауымен Сарыбұлақ ауылынан 2 қабатты 4 бөлмелі үйдің кілтін және үйге меншік құқығы бар құжаттарын табыс етті.
️Бұл иігі іске облыстық мәслихат хатшысы Д. Жарасбаев пен Қонаев қалалық мәслихат депутаттарының атынан С. Нұрсолтанова қолдау көрсетіп, өз сыйлықтарын тарту етті.
️Осындай қайырымды іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.