Басты бет » Жаңалықтар » Қонаев қаласына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев жұмыс сапарымен келді

Қонаев қаласына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев жұмыс сапарымен келді

Қонаев қаласына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев жұмыс сапарымен келді. Қаланың орта мектеп гимназиясында Алматы облысы мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Абитов Ерік Әзілжанұлы, облыстық және қалалық депутаттар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Жүздесу кезінде Жанболат Әкебайұлы ауылшаруашылық саласындағы субсидия, жайылымдық жер, игерілмей жатқан жерлерді қайтару, бағаны тұрақтандыру, ветеринария, зейнетке шығу мерзімі сынды мәселелердің бүгінде күн тәртібінен түспей тұрғанын айтты. Аталған проблемалардың соңғысы бүгінде талқыға түсуде келешекте шешімін табар деді, сенатор. Бұдан басқа, жастардың тұрғын үймен қамтылуы, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қазіргі кезде дұрыс жүргізілмей жатқанын, мұқтаж жандарға көмек қолды мейлінше созу, қала бойынша су құбырларының тозғаны оны жаңарту қажеттілігі жеткізілді. Осы мәселелердің барлығы назарға алынып, жоғары жақта қозғалатын болады деді. Өз кезегінде кездесуде қатысушылар жақтан шешілмей келе жатқан мәселелер де тілге тиек етілді.
Бүгінде шеңгелділік шаруа қожалықтарына қолдау көрсетілсе, олардың арасында бизнестің түрлі бағытымен айналысқысы келгенімен тиісті жердің берілмеуінің салдарынан бұл жағы жүйеленбеуде, сонымен бірге көп балалы аналарға берілген жерде инфрақұрлымның жоқтығынан жалға алынған телімдерге құрылыс жүргізудің ыңғайы келмейтіндігі, әрі жалға алған жерлердің уақытының өтіп жатқаны сөз болды. Онымен қатар, ардагерлер қауымына тиісті көңіл бөлінбейтіні, яки ауған, тәжік ардагерлері сынды кеңеске мүше азаматтарға да бір жеңілдіктер қарастырылса деген уәждер айтылды. Жоғары да сөз болған көптеген мәселелермен Парламент Сенатының депутаты облыс әкімімен кездесіп, бұл проблемалар жан-жақты қаралатынын жеткізіп, келген қауымның әр ісіне сәттілік тілеп, облыстың әр бағытта өсетініне кәміл сенетінін айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.