Басты бет » Жаңалықтар » Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Күрішбаев Ақылбек Қыжығұлұлы Қонаев қаласына іс сапармен келді

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Күрішбаев Ақылбек Қыжығұлұлы Қонаев қаласына іс сапармен келді

Жұмыс сапары барысында Алматы облысы әкімінің орынбасары Байжұманов Батыржан Құлаймергенұлы, Қонаев қаласының мәслихат хатшысы Нұрсұлтанова Сәуле Қайырлықызы, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Дүйсенбаев Берік Фатықұлы біқатар нысандарды аралап шықты. Солардың алғашқыларының бірі — Заречный ауылдық округіне қарасты Арна ауылындағы «ЛСТ Агро» жылыжай кешені. 2013 жылдан бері жұмысын жалғастырып келе жатқан кешен былтыр 4-ші желсін кеңейтуде. Ол қосылса жылына 2,5 мың тонна қызанақ өсіріледі, 150-ге жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Осындай жұмыстың бағытымен танысқан Сенат депутатына субсидия, энергия көзінің тапшылығы туралы мәселелерде жеткізілді. Бұдан кейін «Оспанов Девелопмент» балық өнеркәсібінің құрлыс жұмыстарын көріп, кәсіпорын толықтай іске қосылса 500 адамға дейін жұмыспен қамтитыны қуантты. Жоба құны 67000 млн.тенге. Жыл соңына дейін 1 желісін қосу жоспарда. Нәтижесінде жылына 1.000 тонна балық шығару көзделген. Алматы облысындағы жаңа туристік нысан – Makao Luxury Village («Федотов» ЖК) да осы бағытта болды.Заманауи үлгіде коттеджді үйлер, қауыз, мейрамхана, автотұрақ, сан түрлі моншалары бар. Алып жатқан жер аумағы 10 гектар. Жоба құны – 5 млн.теңге. Одан «Қапшағай» су электр станциясының атқарып отырған ісімен танысқан жұмыс тобы ұжыммен де кездесті. Мұнда мамандардың баспанамен қамту және тұрмыстағы басқа да қажеттіліктері турасында мәселелер қозғалды. Сәйкесінше Ақылбек Қыжығұлұлы аталған проблемалардың барлығы назарға алынып, келешекте ойға алған ірі жобалар мен жоспарлар жүзеге асырылып, облыстың өсіп- өнуіне мейлінше пайдасын тигізетініне сенім білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.