Басты бет » Жаңалықтар » 10-шы шағын ауданында салынып жатқан мектеп құрылысына барып, жұмыстарымен танысты

10-шы шағын ауданында салынып жатқан мектеп құрылысына барып, жұмыстарымен танысты

Бүгін, 21 шілдеде Алматы облыстық маслихатының хатшысы Даулет Жамалбекұлы және «Amanat» партиясының Қонаев қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жеңіс Төребеков, Қонаев қалалық мәслихат хатшысы Сәуле Нұрсолтанова Қонаев қаласындағы 10-шы шағын ауданында салынып жатқан мектеп құрылысына барып, жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан мердігер компания «Корпорация Ақ орда» ЖШС директоры 900 орынды мектеп құрылысының 50 пайызы аяқталды дейді, алайда жұмыстың 25-30 пайызы ғана аяқталған. 3 айға кешігіп жатқан құрылыс нысанында кемшіліктер көп. Анықталған мәселені жою бойынша бір апта уақыт берілді. Алдағы уақытта депутаттар нысан құрылысына қайта бақылау жұмыстарын жүргізеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.