Басты бет » Жаңалықтар » Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Бүгін, 28 маусымда С.Ақылтаевтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша тұрақты комиссияның отырысы өтті.
Отырыста қала және ауылдық округтеріндегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және учаскелік инспекторлардың жұмысын ұйымдастыру туралы сұрағы қаралып, ол бойынша қалалық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Б.Дәкеев баяндама жасады.
Үстіміздегі жылдың 5 айы ішінде учаскелік инспекторлар азаматтардың 754 арыз-өтініштерін қарады. 6724 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, олар бойынша хаттамалар рәсімделген. Жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау бойынша 54 азамат, ал жануарлар әлемін пайдалану талаптары мен аңшылық тәртібін бұзған 5 азамат жауапкершілікке тартылды.
Талқылау барысында депутаттар қоғамдық тәртіпті және санитарлық тазалық пен қала келбетін бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты жандандыруды ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.