Басты бет » Жаңалықтар » Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Бүгін, 24 маусымда Е.Бүркітбайдың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының экономика, бюджет және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыста қала аумағында масаға қарсы дезинсекциялық және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару жұмыстарының жағдайы, сондай-ақ Қосқұдық ауылын ауыз сумен қамтамасыз ету жобасының іске асыру қорытындылары туралы сұрақтары қаралды.

Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша қала әкімінің орынбасары М.Жолдахмет, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Л.Ролдугина баяндамалар жасады.

Ағымдағы жылы безгек масасын дернәсілге қарсы өңдеу жұмысының (тек қана анофелогенді су қоймаларын өңдеу үшін) 1-кезеңі  16 мамырдан 24 мамыр аралығында болса, 2-кезеңі – 16 маусымнан 18 маусым аралығында жүргізілді. Алайда тек қана анофелогенді су қоймаларын өңдеу тиісті нәтижеге қол жеткізбеуде. Айта кету қажет, масалардың биыл қаптап кетуіне ауа райының әрі жауын-шашынды әрі аптап ыстық болуы да өзіндік себебін тигізуде. Масаға қарсы іс-шаралардың оң нәтижесіне қол жеткізу үшін депутаттар су қоймаларына шығатын демалыс базаларынынң аумағындағы жағалауды балдырлардан, қамыстардан тазарту, өсімдіктерді шабу, тұрғын және тұрғын емес ғимараттардың жертөлелерін өңдеу жұмыстарын жүргізуді ұсынды. Сонымен қатар, келесі аптада жертөлелерге өңдеу жұмыстары жүргізіларнайы жұмыс комиссиясы тұрғын үйлердің жертөлелерін тексеру жұмысын бастайды.

Бүгінгі күні қала аумағында қоқыс шығару бойынша «Қапшағай көркейту» және «Қапшағай АТО» компаниялары өз қызметтерін көрсетуде. Қала аумағында 93 қоқыс алаңдары бар, оларда 405 қоқыс контейнерлері орналасқан. Қала әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің хабарлауынша, биыл қаладағы қоқыс контейнерлерін жаңа үлгідегі контейнерлерге ауыстыру жұмысы жүргізіледі. Отырыста қоқыс шығаратын компаниялардың өкілдері уақытылы төлем жүргізбейтін тұрғындарға, қоқыс шығару үшін келісімшарт жасаудан бас тартатын, алайда қоқыстарын аулалардағы қоқыс алаңдарына немесе, ең сорақысы, рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарына қоқыстарын тастайтын кейбір кәсіпкерлерге, әсіресе дүкендердің иелеріне өз наразылықтарын білдірді. Сонымен қатар, депутаттар қоқыс шығаратын компанияларды өз жұмысын сапалы атқармаған жағдайда олардың қала аумағында жұмыс істеуі туралы сұрақ күн тәртібіне шығарылатыны жөнінде ескертті.

Қосқұдық ауылында сумен қамтамсыз ететін жаңа жүйесі іске қосылды, оған бүгінгі күні 132 тұтынушы қосылған.Қосқұдық ауылының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ететін жаңа су жүйесі «Шеңгелді су» МКК теңгеріміне өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Отырыста қаламыздың пәтер иеленушілер кооперативтерінің төрағалары, жергілікті полция қызметінің өкілі, қоқыс шығарушы және дезинсекциялық жұмыс атқарушы компания өкілдері, «Шеңгелді су» МКК директоры Д.Қарашаш қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.