Басты бет » Жаңалықтар » Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Бүгін, 9 маусымда Е.Қашағановтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының экономика, бюджет және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті.

Отырыста қаламыздағы туризмнің дамуы және демалыс орындарының жазғы маусымға дайындығы, қала және ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақтары қаралды.

Бірінші сұрақ бойынша қалалық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Ибраимов, қалалық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Н.Аманбаев баяндамалар жасады.

Қаланың туристік салаларының басым үлесі Қапшағай су қоймасының ресурстарына тиесілі және де ол жерде биылғы жылы 126 туризм нысаны жұмыс істеуді жоспарлауда. Ішкі және келу туризмін дамыту бойынша қалалық әкімдік тарапынан үстіміздегі жылы ауданы 50 га №8 қалалық жағажайды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Қалалық жағажайда судағы қауіпсіздік талаптарына сай бақылау мұнаралары, ерікті құтқарушылар бар. Қалалық жағажайдың 20 ерікті құтқарушысы оқудан өтіп, тиісті құжаттарын алды.
Оқыс жағдайлар мен судағы адам өлімін болдырмау мақсатында демалыс орындарының иелеріне құтқару техникасымен, жүзу құралдарымен, оқытылған құтқарушылармен жабдықталған құтқару тіректерін ұйымдастыру қажеттігі туралы ұсыныс хаттар таратылды. Алайда, бүгінгі уақытта көптеген демалыс орындарының иелері ұсынылған талаптарды орындауға асықпауда.

Қала және ауылдық округтерінің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы сұрақ бойынша қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сатыбалдиева баяндама жасады.

Депутаттар ұсынылған бюджетке енгізілетін өзгерістерді мақұлдап, мәслихат сессиясында бекітуге ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.