Басты бет » Жаңалықтар » Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Бүгін, 3 маусымда Қ.Ахметтаевтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысыөтті.

Отырыста «2022 жылғы жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы» сұрағы қаралып, қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Асылбектің баяндамасы тыңдалды.

Биылғы оқу жылын қала және ауылдық мектептерін 12162 оқушы аяқтады. Оның 11853-і 1-10 сынып оқушылары. Білім беру мекемелерінде 26 мамыр – 17 маусым аралығында жазғы мектеп ұйымдастырылып, онда 7060 оқушы қамтылады.

Жазғы кезеңде балалардың демалысын ұйымдастыру бойынша Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан мемлекеттік «Күншуақ» жазғы маусымдық лагері жұмыс жасап, ол жерде 500 баланың демалысы жоспарланған. «Балдәурен – Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында75 баланың демалысы жоспарда тұр. Мектеп жанындағы тамақтандырылмайтын 24 лагерь жұмыс жасап, онда 7516 бала қамтылады.

Тұрақты комиссия мүшелері отырыс алдында «Күншуақ» лагерінің жазғы маусымға дайындығын қарап келіп, ондағы ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесі өз шешімін таппағанын анықтады. Отырыс барысында депутаттар лагердің ашылу мерзімі 20 маусымға дейін бұл сұрақты шешуді тапсырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.