Басты бет » Жаңалықтар » Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Бүгін, 9 маусымдақалалық мәслихаттың хатшысы Сәуле Қайырлықызы Нұрсолтанованыңтөрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының кезектен тысХХVІ сессиясы өтті.

Сессияда қала бюджетіне өзгерістер енгізу туралы сұрағы қаралып, ол туралы қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Сатыбалдиева баяндама жасады.

Қала бюджетіне енгізілген өзгерістерге сәйкес кәрізтазарту құрылғысыныңқұрылысына техникалық-экономикалық негіздемесін және сумен қамту жүесін жаңартуға ЖСҚ әзірлеуге, «Гүлдер» ықшамауданының электр жеткізу желісінің құрылыс-монтаждау жұмысына, Сарыбұлақ ауылына шығын футбол алаңын орнатуға бюджеттік қаражат бөлінеді. Сонымен қатар, халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ауылдық жерлерде тұратын денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және ветеринар мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетуге, мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмірі сапасын жақсартуға, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметін көрсетуге қосымша бюджеттік қаражат бөлінеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.