Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 3 маусымда Қонаев қаласы мәслихатының депутаты C.Горяной азаматтардың кезекті қабылдауын «Қарлығаш» ықшамауданының тұрғындарымен өткізді.
Депутаттың қабылдауына келген «Қарлығаш» ықшамауданының тұрғындары көшелердің жарықтануына, ықшамауданының газдандырылуына, су құбыры және кәріз желіліерінің құрылысына, аулалардың абаттандырылып, балалар алаңдарының салынуына, қоғамдық көліктің жұмысына, орталық көшеге аялдаманың қажеттігіне қатысты сұрақтарын қойып, өтініш-тілектерін білдірді. Қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға қатысты депутат кейбіреулеріне түсініктемелерін берсе, кейбіреулеріне қатысты сұраныстар жолдайтынын жеткізді.
Сонымен қатар, қабылдау барысында 5 маусымда елімізде өтетін республикалық референдумның маңыздылығы туралы тілге тиек етіліп, референдумда дауыс берілетін конституциялық өзгерістер жайлы түсіндірілді.
Депутат қабылдауға келген әрбір тұрғынды және оның отбасы мүшелерін 5 маусымда референдумға келіп, конституциялық өзгерістерге дауыс беруге шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.