Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 3 маусымда Қонаев қаласы мәслихатының депутаты C.Ақылтаев азаматтардың кезекті қабылдауын «Ана сәулесі» көпбалалы аналар қоғамдық бірлестігінде өткізді.
Депутаттың қабылдауына көпбалалы аналар келіп, тұрғын үй және жер мәселесіне қатысты сұрақтарын берді. Бұл сұрақтар бойынша депутат жеке-дара жағдаға қарай іс-шара қабылдайтынын жеткізді. Сонымен қатар, депутат қабылдау барысында 5 маусымда елімізде өтетін республикалық референдумның маңыздылығы туралы тілге тиек етіліп, референдумда дауыс берілетін конституциялық өзгерістер жайлы түсіндірілді.
Депутат қабылдауға келген әрбір ананы және оның отбасы мүшелерін 5 маусымда референдумға келіп, конституциялық өзгерістерге дауыс беруге шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.