Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 3 маусымда Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Қ.Ахметтаев азаматтардың кезекті қабылдауын «Қазақтелеком» АҚ Қонаев қалалық филиалының ұжымымен кездесу түрінде өткізді.

Қызметкерлер депутатқа өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын беріп, оларға жауаптарын алды. Сонымен қатар, депутат кездесу барысында 5 маусымда елімізде өтетін республикалық референдумның маңыздылығы туралы тілге тиек етті. Кездесуде референдумда дауыс берілетін конституциялық өзгерістер жайлы депутат пен жұмысшылар арасында сұрақ-жауап форматында түсіндірілді.

Кездесуді пайдалана отырып, депутат жұмысшыларды және олардың отбасы мүшелерін 5 маусымда референдумға келіп, конституциялық өзгерістерге дауыс беруге шақырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.