Басты бет » Жаңалықтар » Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Бүгін, 6 мамырда С.Ақылтаевтың төрағалығымен Қонаев қаласы мәслихатының азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның және Қонаев қаласы Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшесі Р.Сагитдинов қатысты.
Отырыста «Қаланың газдандырылу барысы туралы» сұрағы қаралып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының басшысы Ш.Қожабергенованың, «Қапшағай өңірінің газ желілері» ЖШС техникалық директоры А.Савутовтың баяндамалары тыңдалды.
Қазіргі уақытта 12 километрді құрайтын газ таратушы желінің құрылысы аяқталып, оның 50 километрі іске қосылған. Газ таратушы желілерге 3169 тұрмыстық тұтынушы қосылған, оның 2630-ы – «Ивушка», 3 және 5 шағын аудандарындағы 62 көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлері, 539-ы – «Гүлдер», «Восточный», «Спутник», 8, 10, 18, 20 шағын аудандарындағы жеке тұрғын үй иелері. Сонымен қатар, табиғи газды пайдаланушылар қатарында қаланың 22 шағын кәсіпорындары, «Қапшағай жылу» МКК, «Маревен Фуд» ЖШС, «Кнауф гипс Капшагай» ЖШС, «Алатау құс» АҚ, «KASteel» ЖШС, «UNION-PERLIT» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар бар.
Биылғы жылы Сейфуллин және Қонаев көшелері бойынша ұзақтығы 4500 м жоғары қысымдағы, «Ивушка», 1, 2, 20 шағын аудандарындағы, Заречный ауылындағы ұзақтығы 3 км орта қысымдағы, 1, 2, 4 шағын аудандарындағы ұзақтығы 18 км төмен қысымдағы газ құбырларының құрылыстарын аяқтау жоспарланған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.