Басты бет » Жаңалықтар » «Референдум және конституциялық түзетулер», тақырыбында ZOOM платформасы арқылы тұрғындармен онлайн кездесу өткізіледі

«Референдум және конституциялық түзетулер», тақырыбында ZOOM платформасы арқылы тұрғындармен онлайн кездесу өткізіледі

2022 жылғы 31 мамырда сағат 16.00-де Қонаев қаласы мәслихатының ұйымдастыруымен «Референдум және конституциялық түзетулер», тақырыбында ZOOM платформасы арқылы тұрғындармен онлайн кездесу өткізіледі. Кездесуде 5 маусымда өтетін республикалық референдум және Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың конституциялық реформасы туралы Қонаев қалалық мәслихатының хатшысы Сәуле Қайырлықызы Нұрсолтанова баяндама жасап, сұрақтарға жауап береді.
ZOOM конференциясына қосылу үшін қалалық мәслихат аппаратына 8 /72772/ 41283 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.