Басты бет » Жаңалықтар » Қонаев қаласы мәслихатының депутаты А.Ракишева өзінің кезекті қабылдауын қалалық ауруханада өткізді

Қонаев қаласы мәслихатының депутаты А.Ракишева өзінің кезекті қабылдауын қалалық ауруханада өткізді

Бүгін, 20 мамырда Қонаев қаласы мәслихатының депутаты А.Ракишева өзінің кезекті қабылдауын қалалық ауруханада өткізді.

Депутаттың қабылдауына келген тұрғындарды әдеттегідей тұрғын үй және жер учаскесін алу кезегі қызықтыруда. Бұл мәселеге қатысты депутат хабарласқан тұрғынның жеке-дара жағдайына қарай іс-шара қабылдайтынын жеткізді.

Сонымен қатар, депутат А.Ракишеваның қалалық аурухананың директоры болғандықтан қабылдауға келген және бір тұрғын өзін мазалап жүрген ауруына байланысты сұрақтарын берді. Сондай-ақ қаламызға бір МРТ қондырғысының қажеттігін жеткізді.

Осы орайда айта кету қажет – қалалық ауруханаға МРТ қондырғысы сатып алынды және де ол жақын уақытта қала тұрғындарының игілігіне қызмет етеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.