Басты бет » Жаңалықтар » Қалалық мәслихат онлайн кездесу ұйымдастырды

Қалалық мәслихат онлайн кездесу ұйымдастырды

Бүгін, 31 мамырдақалалық мәслихаттың ұйымдастыруымен «ZOOM» платформасы арқылы «Жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялаудың (жалпы соманың 50%) тәртібі туралы» тақырыбында 1 және 2 топтағы мүгедектер мен көпбалалы аналарменонлайн кездесу өтті.Онлайн кездесу қалалық мәслихаттың хатшысы С.Нұрсолтанованың төрағалығымен өтті. Кездесу тақырыбы бойынша «Отбасы банк» АҚ Алматы облыстықық филиалының кеңесшісі Нұрсұлу Өмірзаққызы Исаханова баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жалға берілетін тұрғын үйді субстдиялауға өтінімдер otbasybank.kz порталы арқылы онлайн режимінде қабылданады.

Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады. Олар:

– 1 және 2 топтағы мүгедектер;

– мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

– жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;

– көпбалалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға үміткер отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы әрбір отбасы мүшесіне шаққанда 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінен (1 КМ = 36017теңге) аспауы тиіс.

Субсидия алуға өтінімдер электрон цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) көмегімен қабылданады.

Тағы бір маңызды талап – субсидия алуға үміткер депозиті бар «Отбасы банк» клиенті болуы тиіс. Азаматтар жинақ шотты бейнебанкинг қызметі немесе «Otbasybank» мобильді қосымшасы арқылы аша алады. Соңынан субсидия алуға үміткер otbasybank.kz  порталында тіркеліп, жеке кабинетінде өтініш жаза алады.

Қосымша ақпарат алу үшін «Отбасы банк» кеңесшісімен +7 7472968727 телефоны арқылы хабарласа аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.