Бүгін, 31 мамырда қалалық мәслихаттың ұйымдастыруымен «ZOOM» платформасы арқылы «Референдум және конституциялық түзетулер» тақырыбында 1 және 2 топтағы мүгедектер мен көпбалалы аналармен онлайн кездесу өтті. Кездесуде қалалық мәслихаттың хатшысы Сәуле Қайырлықызы Нұрсолтанова Ата заңға енгізілетін өзгерістер туралы түсіндіріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
5 маусымда өтетін республикалық референдумда Конституцияға барлығы 33 бапқа 56 түзетулер енгізіледі. Конституциялық түзетулер төмендегілерді қамтиды:
– қазақстандықтардың құқығын қорғауға айрықша көңіл бөлінеді;
– бұрын тек мемлекеттік билік өкілдері ғана өтініш бере алатын Конституциялық кеңес енді Конституциялық сот болып қайта құрылады;
– әрбір қазақстандық өз құқығы мен бостандығын қорғау үшін Конституциялық сотқа жүгіне алады;
– енді адам құқықтары жөніндегі уәкіл Конституциялық кепілдік пен иммунитетке ие болады. Бұл оның Конституциялық сотқа жүгінуіне мүмкіндік береді.
Әрқайсыңыздың дауысыңыз маңызды! Референдумға келіңіздер! Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!