Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

30 мамырда Қонаев қаласы мәслихатының депутаты М.Темірәлиев азаматтардың кезекті қабылдауын А.Жұбанов ат. №5 орта мектебінде өткізді.

Кездесуге келген тұрғындар жертөлелердегі тарақандарға, 2-ы.а. 3а үйінің шатырын жөндеуге, 5-ы.а. балабақша мен балалар алаңдарының жоқтығына, газдандыру барысының тоқтап қалғанына шағымданды.

Жертөлелердегі тарақандар мәселесін тұрғындар өз ЖПИК, МИБ немесе ЖС-мен шешуі қажет. 5-ықшамауданындағы балабақша мәселесіне келсек, қаланың даму бағдарламасына сәйкес бұл аймақта балабақша құрылысы жоспарланбаған, балабақша 8-10 ы.а. аумағында салынады. 5-ықшамауданындағы балалар алаңы қалада жүріп жатқан аулаларды абаттандыру жобасына сәйкес келесі жылы өз мәресіне жетеді. Тұрғындарды сабырлыққа шақырамыз.2-3а мекенжайының шатыры биыл шатырлары жөндеуден өтетін тұрғын үйлердің тізіміне енгізілген. Газдандыру барысының тоқтап қалу себебі бұл көбіне тұрғындардың басым көпшілігі газдандырудан бас тартуында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.