Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 6 мамырда Қонаев қаласы мәслихатының депутаты С.Горяной азаматтардың кезекті қабылдауын Арна ауылының №11 орта мектебінде өткізді.
Кездесуге келген тұрғын Арна ауылының жаңадан салынып жатқан аумағында тұратын екен. Сондықтан бұл аумақтың шешілмей жүрген көптеген шаруашылық мәселелері бар. Бұл – жолдардың жарықтануы, көшелердің жөнделуі, газдың өткізілуі, қосымша трансформаторлық қосалқы станцияның қажеттігі, тұрғын үй секторына өте жақын орналасқан құм карьерінің жабылуы және т.б. сұрақтар.
Көптеген сұрақтар бойынша депутат түсініктемелерін беріп, ал кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстарды жолдайтынын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.