Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 6 мамырда Қонаев қаласы мәслихатының депутаты Е.Бүркітбай азаматтардың кезекті қабылдауын Қонаев қаласының көпсалалық колледжінде кездесу түрінде өткізді.
Кездесуге келген тұрғындар, ұстаздар, студенттер депутатқа жетім балалардың үй кезегіне, аулалардың абаттандырылуына, қаңғыбас иттерге, Сейфуллин көшесі бойымен қоғамдық көліктің жүрмеуіне, Степная көшесінің артындағы кішкентай көпірдің жарықтануына, жолдардың жөндеуіне, шыбын-шіркейді жоюға, Бейбітшілік бульварының абаттандырылуына қатысты сұрақтар мен ұсыныстар берілді.
Көптеген сұрақтар бойынша депутат түсініктемелерін беріп, ал кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстарды жолдайтынын атап өтті.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.