Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 6 мамырда Қонаев қаласы мәслихатының депутаты С.Ақылтаев азаматтардың кезекті қабылдауын Д.Қонаев ат. №1 қазақ орта мектебінде өткізді.
Депутаттың қабылдауына келген тұрғындарды жер учаскесі мен тұрғын үй алу кезектері, ерекше білім беруді талап ететін балалармен қосымша дайындық мәселесіне қатысты сұрақтар толғандыруда.
Көптеген сұрақтар бойынша депутат түсініктемелерін беріп, ал кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстарды жолдайтынын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.