Басты бет » Жаңалықтар » ZOOM платформасы арқылы тұрғындармен онлайн кездесу өткізіледі

ZOOM платформасы арқылы тұрғындармен онлайн кездесу өткізіледі

2022 жылғы 06 сәуірде сағат 16.00-де Қапшағай қалалық мәслихатының ұйымдастыруымен «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы тұрғындармен онлайн кездесу өткізіледі. Кездесуде ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызмет туралы қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Елжаз Тұяқұлы Лепесбаев баяндама жасап, сұрақтарға жауап береді.
ZOOM конференциясына қосылу үшін қалалық мәслихат аппаратына 8 /72772/ 41283 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.