Басты бет » Жаңалықтар » Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Кеше, 28 сәуірде қалалық мәслихаттың хатшысы Сәуле Қайырлықызы Нұрсолтанованың төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатының кезекті ХХІІІ сессиясы өтті.

Сессияда 2021 жылға арналған Қапшағай қаласы және ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы, 2022 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарияны төлеу мөлшерлемесін бекіту туралы, Қапшағай қалалық мәслихатының шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы сұрақтар қаралды.

Бірінші сұрақ бойынша Қапшағай қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Е.Лепесбаевтың есебі, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қ.Сағымбаевтың аудиторлық қорытындысы, Шеңгелді ауылдық округінің әкімі С.Шеңкебаевтың, Заречный ауылдық округінің әкімі К.Умаровтың есептері, қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және аграрлық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Е.Қашағановтың қосымша баяндамасы тыңдалды.

Жалпы қала бюджетінің кіріс жоспары 111,9 пайызға, ал шығыс жоспары 97,5 пайызға орындалған. 2021 жылы қаланың меншікті кірісі 2,5 есеге көбейіп, қаланың жалпы бюджетнің 79,5% құрады. Қапшағай қалсының даму бағдарламасында 2021 жылы орындалуы тиіс 26 индикатор жоспарланып, олардың 24-і, яғни 92,3% орындалған.

Екінші сұрақ бойынша қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы А.Абылқасым ақпарат берді. Мәслихат шешімімен 2022 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна төлемінің ставкасы болу құнының 0 (нөль) пайызы мөлшерінде бекітілді.

Сонымен қатар қалалық мәслихаттың тұрақты комиссия атауына және құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қапшағай қалалық мәслихатының шешімдері бекітілді.

Сессияда қала әкімінің орынбасарлары, қаламыздың мемлекеттік органдар мен ұйымдарының басшылары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.