Басты бет » Жаңалықтар » Қалалық мәслихат онлайн кездесу ұйымдастырды

Қалалық мәслихат онлайн кездесу ұйымдастырды

Бүгін, 06 сәуірде қалалық мәслихаттың ұйымдастыруымен «ZOOM» платформасы арқылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырлуы туралы» тақырыбында Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің елді мекендерінде жұмыс жасайтын жас мамандармен онлайн кездесу өтті. Онлайн кездесу қалалық мәслихаттың хатшысы С.Нұрсолтанованың төрағалығымен өтті. Іс-шара барысында ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша мемлекеттік қызмет туралы қалалық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары Елжаз Тұяқұлы Лепесбаев баяндама жасап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Аталған бағдарлама аясында жас мамандарға әлеуметтік қолдау шаралары 2011 жылдан бастап көрсетілуде. Өткен 2021 жылдың өзінде 6 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 26 млн. 253 мың теңге көлемінде несие беріліп, 24 жас маманға 7 млн. теңге көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы берілді.
Кездесуде «Дипломмен ауылға», «Еңбек» бағдарламалары аясында жастарды жұмыспен қамтамасыз ету және қолдау көрсету мәселелері «AMANAT» партиясының Қапшағай қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында ерекше айқындалып көрсетілгені тілге тиек етілді. Сонымен қатар, қалалық мәслихаттың «AMANAT» партиясының депутаттары сайлауалды бағдарламасында белгіленген аталған бағыттағы бастамалардың орындалуын өз бақылауында ұстайтыны аталып өтілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.