Басты бет » Жаңалықтар » Қала мәслихаты мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті

Қала мәслихаты мен Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысы өтті

Кеше, 28 сәуірде Қапшағай қаласы мәслихаты мен Қоғамдық кеңесінің бірлескен отырысы өтті. Отырыста қаралған сұрақ «Қапшағай қаласының аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитариялық тазарту мәселелері жөніндегі істердің жағдайы туралы». Бұл сұрақ бойынша отырыста қала әкімінің орынбасары М.Жолдахмет баяндады.

Отырыс барысында қаланың абаттандырылуы, көгалдануы, санитарлық тазалуына қатысты әлеуметттік желілерде халық көтерген кемшіліктер слайдтар арқылы көрсетіліп, талқыға салынды. Айтылған кемшіліктердің орын алу себептерін қала әкімінің орынбасары М.Жолдахмет мемлекеттік сатып алу жөніндегі байқаулардың өткізілу процессімен байланыстырды.

Отырысқа қаланың жасыл желектерін санитариялық кесу және қалыпқа келтіру бойынша жауапты мердігер «Т & B group» ЖШС, урналарды, орындықтарды және аялдамаларды ұстау және ағымдағы жөндеу, көше жарығына техникалық қызмет көрсету, ағаштарды ақтау жұмысы бойынша мердігер «СК АЛЬЯНС ЦЕНТР» ЖШС, жерлеу орындарын күтіп-ұстау, туысы жоқ адамдарды жерлеу жөніндегі қызмет көрсететін «Шарапат» ЖК, қалалық жағажайлардың және су қойма аймағының санитариясын қамтамасыз ету бойынша ЖК «Көрпебаева А.К.», ауладағы шағын сәулет нысандарын ұстау, орнату, қызмет көрсету, қала көшелері мен көшелердегі құрылыстарды ағымдағы жөндеу бойынша «ЕвразияИнвестСтрой» ЖШС, шұңқырларды жөндеу, субұрқақтарын ағымдағы жөндеу, техникалық қызмет көрсету және күтіп ұстау бойынша «KIT Construction» ЖШС, Заречный және Шеңгелді ауылдық округтерінің көшелерін орташа жөндеу бойынша «СтройГрант 2017» ЖШС, ағаш отырғызу бойынша «ОНИ» ҚБ «Ерекше таңдау» КҚ, Қойшыманов, Абай, Алматы көшелерін абаттандыру бойынша «Монолит» ЖШС, 2 кезектегі аулалардың және «№8 жағажайдың абаттандырылуы бойынша «Golden City DS» ЖШС бірінші басшылары қатысты.

Аталған мекеме басшыларына отырысқа қатысқан қалалық мәслихаттың депутаттары мен Қоғамдық кеңес мүшесі Р.Сагитдинов бірқатар сұрақтарын беріп, ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, мердігер компанияларға атқарылатын жұмысқа жауапкершілікпен қарау қажеттігі туралы қатаң ескерту берілді.
Сондай-ақ қала әкімдігіне осы мердігер компаниялардың қатысуымен апта сайын жұмысшы штаб отырыстарын өткізіп, ол жерде атқарылған жұмыс сапасы мен кемшіліктердің орнын жою жұмысы талқылану қажеттігі ұсынылды.

Бұл жұмыстар жыл бойы қала мәслихаты мен Қоғамдық кеңестің тұрақты бақылауында болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.