Бүгін, 15 сәуірде Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты А.Ракишева азаматтардың кезекті қабылдауын қалалық ауруханада өткізді.
Депутаттың қабылдауына келген тұрғындарды әлеуметтік салаға, қаланың абаттандырылуына және жұмыспен қамтуға қатысты сұрақтар толғандыруда.
Атап өтетін жәйт – қабылдауға келген тұрғындар Айман Ғалымжанқызына халыққа көрсетіліп жатқан сапалы медициналық қызмет үшін алғыстарын білдіруде.
Көптеген сұрақтар бойынша депутат түсініктемелерін беріп, ал кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстарды жолдайтынын атап өтті.
