Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 01 сәуірде Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты С.Горяной азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдау А.Жұбанов ат. №5 орта мектебінде өтті.

Депутаттың қабылдауына келген тұрғындар Мүлік иелерінің бірлестігіне (МИБ) немесе Жәй серіктестікке (ЖС) өту тәртібіне, «Жұлдыз» ықшам ауданындағы балабақша мен ыстық сумен қамтамасыз етуге, қаланы газдандыруға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге, білім және медицина саласындағы кадр тапшылығына қатысты және өзге де өзекті сұрақтар көтеріп, талқылады.

Көптеген сұрақтар бойынша депутат түсініктемелерін беріп, ал кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстарды жолдайтынын атап өтті.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.