Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 01 сәуірде Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты Е.Бүркітбай азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдау Ақөзек ауылының №10 орта мектебінде кездесу түрінде өтті.
Депутатпен кездесуге келген мектеп қызметкерлері ауылдың интернет жұмысының төмендігіне наразылығын білдіріп, ауыл көшелерінің жөндеуі мен жарықтануы туралы өздерінің сұрақтарын берді.
Көптеген сұрақтар бойынша депутат түсініктемелерін беріп, ал кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстарды жолдайтынын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.