Бүгін, 01 сәуірде Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты С.Ақылтаев азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді. Қабылдау қаламыздың №3 орта мектебінде кездесу түрінде өтті.
Депутатпен кездесуге келген тұрғындар мен мектеп ұжымын толғандырған мәселелер бұл тұрғын үй кезегі, «Восточный», 8-10 ш.а. кәріз жүйесі, қаңғыбас иттердің аулануы секілді өзекті сұрақтар.
Көптеген сұрақтар бойынша депутат өзінің түсініктемелерін беріп, кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстар жолдайтынын жеткізді.