Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 29 сәуірде Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты Е.Қашағанов азаматтардың кезекті қабылдауын Сарыбұлақ ауылының №8 орта мектебінде өткізді.

Депутаттың қабылдауына келген тұрғындарды ауыз су мен суармалы суға, жайылым жерге, бос пайдаланбай жатқан жерлерді ауыл тұрғындарына егін егу үшін беруге, ауыл мектебі мен жолдарына күрделі жөндеу жүргізуге, ауыл көшелерінің жарықтануына, ауылда «Қазпошта», «Халық банк» бөлімшелерін ашуға, жаңа салынған ауыл мешітінің ішін жабдықтауға қатысты сұрақтар мен ұсыныстар толғандыруда.

Атап өтетін жәйт – депутат Е.Қашағанов ауыл мешітінің ішін жабдықтау мақсатында қасиетті Рамазан айында кілем сатып алып беретінін атап өтті.

Көптеген сұрақтар бойынша депутат түсініктемелерін беріп, ал кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстарды жолдайтынын атап өтті.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.