Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 29 сәуірде Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты М.Темірәлиев азаматтардың кезекті қабылдауын Қосқұдық ауылының №9 орта мектебінде өткізді.

Қабылдауға келген ауыл тұрғыны депутаттан тұрғын үйдің құқық беруші құжаттарын рәсімдеуге ықпал көрсетуді сұрады.

Ауыл тұрғынының айтуынша 2013 жылы ауылға көшіп келіп, ауылдан тұрғын үй сатып алған. Алайда сатып алған тұрғын үйін заңды түрде рәсімделмеген. Қолында ешқандай құжаттар жоқ.

Депутат тиісті мамандармен кеңес алғаннан кейін мейілінше көмек беруге уәде берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.