Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 29 сәуірде Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты С.Сүйіндік азаматтардың кезекті қабылдауын Шеңгелді ауылының Қ.Жалайыр ат. №6 орта мектебінде өткізді.

Депутаттың қабылдауына келген тұрғындарды ауыл көшелерінің жарықтануына, дүкендердегі қымбатшылыққа, дәрігерлердің жетіспеуіне, оқушыларға электронды темекілердің сатылуына қатысты сұрақтар мен ұсыныстар толғандыруда.

Көптеген сұрақтар бойынша депутат түсініктемелерін беріп, ал кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстарды жолдайтынын атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.