Басты бет » Жаңалықтар » Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Бүгін, 25 ақпанда Қапшағай қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысты қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Е.Қашағанов жүргізді.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары М.Жолдахметтің өз құзыретіндегі мәселелер бойынша 2022 жылға көзделген мақсат-міндеттер, жобалар, қолжетімді нәтижелер туралы есебі тыңдалды.

Қала әкімінің орынбасары М.Жолдахмет өз баяндамасында үстіміздегі жылы қала аулаларының абаттандырылуының 2-ші кезегі, Абай, Алматы, Қойшыманов көшелерін және №8 жағажай аймағын абаттандыру, «Қарлығаш», «Гүлдер», 8-10  ықшамаудандары көшелерінің күрделі жөндеуі өз жалғасын табатынын, электр желілерін жөндеу, Заречный, Арна, Шеңгелді, Қосқұдық, Сарыбұлақ, Кербұлақ ауылдарындағы 28 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетінін атап өтті.

Талқылау барысында депутаттар атқарылған жұмыстар туралы өздерінің сын-ескертпелері мен ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, жоспарланған жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауға алу қажеттігін атап өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.