Басты бет » Жаңалықтар » Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Тұрақты комиссия жұмыс жасауда

Бүгін, 10 наурызда А.Ракишеваның төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатыныңәлеуметтік және мәдени мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысында «Әр азамат үшін қолжетімді және тең мүмкіндіктерге ие болашақтағы білім беру» сұрағы бойынша Қапшағай қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Асылбектің баяндамасы тыңдалды.

Қапшағай өңірінде 18 жасқа дейін  ерекше білім беру қажеттілігіне ие 592 бала бар, олардың 277-і  білім беру мекемелерімен қамтылған. Қапшағайдың білім беру мекемелерінде (мектептер мен балабақшаларда) дефектолог, логопед, тифлопедагог, педагог-ассистент секілді арнайы 36 маман жұмыс жасайды.

Талқылау барысында ерекше білім беру қажеттілігін талап ететін балалармен жұмыс жасайтын арнайы мамандардың жетіспеушілігі тілге тиек етілді. Болашақта осы тапшылықтың мәселесін шешу мақсатында мектеп түлектерін аталған мамандықтарға облыс әкімінің гранты бойынша оқыту қажеттілігі ұсынылды. Сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде аутизмі бар балалар үшін арнайы топтар ашу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Отырысқа қалалық мәслихаттың хатшысы С.Нұрсолтанова, қала әкімінің орынбасары Б.Дүйсенбаев, Қапшағай қаласының №11 облыстық психологиялық-медициналық-педагогтік консультациясының басшысы Ж.Үрістемова, Қапшағай қаласының №4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің директоры Г.Күзетова, «Қапшағай самға» МҚБ төрағасы М.Абдулдаев, өңір мектептерінің директорлары қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.