Басты бет » Жаңалықтар » Наурыз мейрамын тойлауға шақырамыз!

Наурыз мейрамын тойлауға шақырамыз!

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары және қала қонақтары!
Сіздерді Наурыз мейрамын тойлауға шақырамыз!

Қапшағай өңірінде мерекелік шаралар 20-22 наурыз аралығында өтеді

🔶 20 наурыз күні Заречный, Арна, Қосқұдық ауылдарында Наурыз мейрамы тойлануда.
🔶21 наурыз Шеңгелді ауылында бәйге.
🔶 21 наурыз күні Наурыз мейрамы Кербұлақ, Ақөзек ауылдарында тойланады.
🔶22 наурыз күні
Наурыз мейрамы
Шеңгелді, Сарыбұлақ ауылдарында тойланады.

🔶 22 наурызда
Наурыз мейрамы
Қапшағай қаласының орталық саябағында аталып өтеді.
🔸 Мереке қонақтары үшін ойын-сауық шаралары, мерекелік сауда, қалалық өнер мектептері оқушыларының өнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды.

🔸11.00-12.00 ресми бөлім:
қала әкімінің құттықтауы, марапаттау рәсімі
🔸12.00 Өңір басшысының киіз үйлерді, жарыс алаңдарын, ұлттық мәдени орталықтардың көрмелерін аралауы
🔸10.30-13.00 бауырсақ кеші
🔸Наурыз көже мерекелік киіз үйлерде ұсынылады
🔸 Шара қонақтары қалалық шығармашылық ұжымдарының концертін тамашалай алады, ұлттық спорт түрлеріне қатыса алады.
🔸Мерекенің ең кішкентай қонақтары салған суреттерінің қол таңбаларын тас жолға қалдыруға шақырылады.
🔸Қаланың түкпір-түкпірінде, соның ішінде Строитель, Алтын-Алма саяжайлары мен Қарлығаш ықшамауданда 25-тен астам киіз үй орнатылды.
🔸 «Кәусар» мектеп-интернатында тұратын балаларға арналған мерекелік дастархан мен Наурыз көже ұсынылады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.