2022 жылғы 11 наурыз күні «Б» корпусының E-4 санаты бойынша «Қапшағай қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы(уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне)бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындалуына ұсынылатын үміткерлерді бағалау және қорытынды шешім шығару отырысы өткізілді.
Ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткізілген әңгімелесудің нәтижелері бойынша «Қапшағай қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің конкурс комиссиясы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
-«Б» корпусының E-4 санаты бойынша «Қапшағай қаласы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күту демалысы мерзіміне) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Мадияр Амангелдіұлы Жексембайды тағайындау жөнінде ұсыныс берілсін.