Басты бет » Жаңалықтар » Қапшағай қаласы тұрғындарының назарына!

Қапшағай қаласы тұрғындарының назарына!

Қапшағай қаласы тұрғындарының назарына!

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескерту қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 2 тармағына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихатының әлеуметтік және  мәдени даму мәселелері жөніндегі  тұрақты комиссиясы 2022 жылғы 24 наурызда сағат 11.00-де, Қапшағай қаласы, Жамбыл көшесі, №13 мекенжайында орналасқан қалалық мәслихаттың мәжіліс залында «Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев» атымен қайта атау»  сұрағы бойынша көпшілік тыңдау өткізеді.

Анықтама телефондары:

«Қапшағай қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмыс телефоны: 41283.

«Қапшағай қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс телефоны: 41560.

Қапшағай қалалық мәслихаты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.