Басты бет » Жаңалықтар » Қапшағай қаласы тұрғындарының назарына!

Қапшағай қаласы тұрғындарының назарына!

Қала атын қайта атау туралы 17 наурыздағы көпшілік тыңдау туралы хабарламаға қосымша хабарлаймыз. Елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, көпшілік тыңдауларға қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақтауымен қатысушылардың шектеулі саны қатыса алады, атап айтқанда:
– көпшілік тыңдау өткізілетін ғимаратта болған барлық кезеңде медициналық маскаларды пайдалану;
– әлеуметтік қашықтықты сақтау.
Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, көпшілік тыңдаулар параллельді түрде онлайн режимде «ZOOM» платформасы арқылы көрсетілетін болады.
«ZOOM» платформасына қосылу үшін конференция идентификаторын, қатысушылардың есебін жүргізу мақсатында, қалалық мәслихат аппаратының жұмыс телефоны 8 /72772/ 41283 нөміріне қонырау шалу арқылы алуға болады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.