Басты бет » Жаңалықтар » Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

16 наурызда қалалық мәслихаттың хатшысы Сәуле Қайырлықызы Нұрсолтанованың төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатының кезекті ХХІ сессиясы өтті.
Сессияда Қапшағай қалалық мәслихат хатшысының қалалық мәслихаттың қызметі туралы есебі мен Қапшағай қаласы бойынша 2022 жылға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша бекіту туралы сұрағы қаралды.
Қапшағай қалалық мәслихатының қызметі туралы қалалық мәслихаттың хатшысы С.Нұрсолтанова мәслихат депутаттары алдында есеп берді.
Өткен жыл ішінде қалалық мәслихаттың 20 сессиясы өткізіліп, онда 70 мәселе қаралса, тұрақты комиссиялардың 9 отырыстарында 14 мәселе қаралған. Құқықтық нормаларды белгілейтін қалалық мәслихаттың 10 шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен.
«Естуші мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша «Депутат уақыты» жобасы аясында 6 отырыста халықты толғандыратын өзекті мәселелер талқыға салынды.
Халық арасында көптеген мәселелер ақпарат жетіспеушілігінен туындайтыны анық. Тұрғындарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында қалалық мәслихат әртүрлі тақырыптарда онлайн-кездесулер ұйымдастырып өткізді.
Есепті кезең ішінде мәслихат депутаттары 147 қабылдау өткізген. Айта кету қажет, азаматтарды депутаттармен қабылдау кестеге сәйкес әр жұма сайын өткізіледі.
«Қапшағай қаласы бойынша 2022 жылға жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша бекіту туралы» сұрақ бойынша қалалық жер қатынастары және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Р.Жамағатов баяндама жасады.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем-шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процесстерін болғызбау мақсатында қабылдануда.

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.