Басты бет » Жаңалықтар » Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Кеше, 24 наурызда қалалық мәслихаттың хатшысы Сәуле Қайырлықызы Нұрсолтанованың төрағалығымен Қапшағай қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХІІ сессиясы өтті.

Сессияда Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев» атымен қайта атау туралы сұрағы қаралды.

Бұл сұрақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 138 қаулысының 2 тармағына  сәйкес алдын ала қалалық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысында көпшілік тыңдау түрінде қаралды.

Депутаттар қала атын қайта атау туралы ұсынысты бірауыздан қолдап, бірлескен мәслихат шешімі мен әкімдіктің қаулысын қабылдады.

Қабылданған бірлескен шешім мен қаулының негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссиясының қарауына Қапшағай қаласын «Дінмұхамед Қонаев» атымен қайта атау туралы ұсыныс жолданады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.