Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 25 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты Қ.Ахметтаев азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.
Қабылдау қаламыздың №2 орта мектебінде өтті. Депутаттың қабылдауына келген тұрғындар мен мектеп ұжымы өздерін толғандырып жүрген бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешіміне ықпал көрсетуді сұрады.
Депутаттың қабылдауына келгендерді толғандырған мәселелер бұл жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, мектеп аумағында спорт алаңының құрылысы, емханадағы кейбір медициналық зерттеулердің ақылы түрде жасалынатыны туралы және тағы басқа да сұрақтар болды.
Көптеген сұрақтар бойынша түсініктемелер беріліп, кейбіреулері бойынша тиісті органдарға депутаттық сұраныстар жолданады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.