Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 18 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты А.Ракишева азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

Қабылдау Шеңгелді ауылында өтті. Депутаттың қабылдауына Шеңгелді ауылының бір топ белсенді тұрғындары келіп, өздерін толғандырып жүрген бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешіміне ықпал көрсетуді сұрады. Көтерілген сұрақтар қатарында Қосқұдық ауылына жаңа мектеп салу, ауыл аумағын абаттандыру, оның ішінде балалар алаңдарын салу, медицина қызметкерлерінің тапшылығы және тағы басқа сұрақтар болды.

Ауыл тұрғындары депутат А.Ракишеваға қалалық аурухананың бас дәрігері ретінде ауылдық амбулатория қызметкерлерінің жұмысы үшін өз алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындары кешегі 16 наурыздағы мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауындағы ұсыныстарды қолдайтынын айтып, әсіресі қаламыздың облыстық орталық болатынына қуанышты екенін білдірді.

Көптеген сұрақтар бойынша нақты түсініктемелер мен кеңестер берілді, ал қалған сұрақтар бойынша депутаттық сұраныстар жолданады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.