Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 11 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары С.Ақылтаев пен С.Горяной азаматтардың кезекті қабылдауларын өткізді.

С.Ақылтаевтың қабылдауы Ы.Алтынсарин ат. №1 орта мектебінде өтсе, С.Горянойдың қабылдауы Арна ауылындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-де кәсіпорын жұмысшыларымен өтті.

Депутаттардың қабылдауына келген тұрғындар мен жұмысшылар өздерін толғандырып жүрген бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешіміне ықпал көрсетуді сұрады.

Депутаттың қабылдауына келгендерді толғандырған мәселелер бұл қаламыздың ең ескі аймағы поселоктың абаттандырылуы, көшелерінің жарықтануы, балалар және спорт алаңдарының салынуы, кәріз жүйесінің жоқтығы, қаңғыбас иттердің аулануы, қураған теректердің қырқылуы, кондоминиум нысандарын басқарудың жаңа түрі МИБ-тің (мүлік иелерінің бірлестігі) тарифін бекіту секілді мәселелер мен тұрғын үй кезегі, тұрғын үй салу үшін жер учаскесін алу, газдандыру барысы, саяжай мәртебесін ауыстыру және саяжай инфрақұрылымын жақсарту, мектептердегі тегін тамақтандырудың сапасын жақсарту, ескірген үйлерді бұзып және орнына үй беру,18 және 19 ықшам аудандарындағы қоғамдық көлік жұмысының сапасын жақсарту және тағы басқа да сұрақтар болды.

Сонымен қатар, тұрғындар мектептің жапсарлас құрылысын қайта жөндеуді, қоғамдық көліктің аялдамасын мектепке жақын орналастыруды, қаланың бас жоспарын көпшілікке қолжетімді етіп қалалық әкімдіктің сайтына орналастыруды ұсынды. Алжұмысшылар жаңа мектептердің құрылысын және тегін спорт секцияларының  түрлерін көбейтуді, қалада орын алынатын жобалар мен құрылыстар туралы ақпараттарды жиі жариялап тұруды ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.