Басты бет » Жаңалықтар » Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Азаматтардың кезекті қабылдауы өтті

Бүгін, 4 наурызда Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты Е.Бүркітбай азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді.

Қабылдау Қосқұдық ауылының №9 орта мектебінде өтті. Қабылдауға келген ауыл тұрғыны жеке төлқұжатын рәсімдеу бойынша көмек сұрады. Егде жастағы ауыл тұрғыны Кеңес дәуіріндегі төлқұжатын Қазақстан Республикасының төлқұжатына уақытында ауыстырмаған.

Депутат қажетті құжаттарды жинақтауға және көші-қон полицияға төлқұжат әзірлеу үшін тапсыруға көмек көрсетті.

Сонымен қатар, қабылдау көктемнің әсем әрі сүйікті мерекесі Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткендіктен, депутат мектеп ұжымының әйелдер қауымын мерекемен қүттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.