2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қаласының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 63-227 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5385 тіркелген, 2020 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 12 352 665 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 3 301 546 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 23 274 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 238 086 мың теңге;
трансферттер түсімі 8 789 759 мың теңге, оның ішінде:
төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 5 394 мың теңге;
мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер 8 784 365 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 4 596 035 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 1 658 636 мың теңге;
республикалық бюджеттен білім беру субвенциялары 2 026 181 мың теңге;
республикалық бюджеттен әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін субвенциялар 12 620 мың теңге;
республикалық бюджеттен көлік және коммуникацияға берілетін субвенциялар 490 893 мың теңге;
2) шығындар 14 979 004 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 12 492 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 17 934 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 5 442 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 638 831 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 2 638 831 мың теңге.».
- Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихатының сессия төрағасы | Б. Әбенов | |
Қапшағай қалалық маслихатының хатшысы | К. Ахметтаев |