2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қапшағай қалалық мәслихатының «Қапшағай қаласының ауылдық округтерінің 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы9 қаңтардағы №64-230 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде№ 5401 тіркелген, 2020 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1, 2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған Заречный ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 42 061 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 13 200 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсімі 28 861 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 24 861 мың теңге;
аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар 4 000 мың теңге;
2) шығындар 45 365 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 3 304 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 3 304 мың теңге.
«2. 2020-2022 жылдарға арналған Шеңгелді ауылдық округінің бюджеті тиісінше осы шешімнің 4, 5, 6-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 45 798 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 13 796 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 теңге;
трансферттер түсімі 32002 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 28002 мың теңге;
аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен субвенциялар 4 000 мың теңге;
2) шығындар 50 509 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 0 теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 4 711 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 4 711 мың теңге.
2.Көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2- қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың «Әлеуметтік-экономикалық дамыту, бюджет, өндіріс, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қалалық мәслихатының Қапшағай қалалық мәслихатының
сессия төрағасы хатшысы
Б. Абенов К. Ахметтаев