Басты бет » Жаңалықтар » Жоба Қапшағай қаласының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Жоба Қапшағай қаласының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

  • Жоба

 Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қапшағай қаласының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік салаға жетекшілік ететін Қапшағай қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қапшағай қаласының әкімі                                 Н. Құматаев

 КЕЛІСІЛДІ:

Қапшағай қалалық

мәслихатының хатшысы                                      С. Нұрсолтанова

2021 жылғы «___» ____________


Қапшағай қаласы әкімдігінің «Қапшағай қаласының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының жобасына түсіндірме жазба

Қапшағай қаласы әкімдігінің «Қапшағай қаласының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18-бабының 2-тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді.

Қапшағай қаласының құрамына 2 ауылдық округ кіреді. Ауылдық округтерде қала бюджетінен қаржыландырылатын мәдениет саласының 2 мекемесі, оның ішінде Заречный ауылдық округінде 1 ауылдық клуб, Шенгелді ауылдық округінде 1 мәдениет үйі жұмыс істейді.

 Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласында Жұмыспен қамту орталығы, Қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі, Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі жұмыс істейді.

Аталған мекемелердегі азаматтық қызметшілердің штаттың саны 57 бірлікті, оның ішінде ауылдық жерде 12 бірлікті құрайды.

«Қапшағай қаласының экономика

және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                       А.Сатыбалдиева

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.